Электр энергиясын үнемдеу- басым мақсат PDF Басып шығару

«Электр энергиясын үнемдеу- басым мақсат». Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қойған тапсырмаларына сәйкес, заңдастыру бастамаларының көмегі арқасында реттелуге жататын салаларды қаржыландыруға жол ашатын, электр энергиясы мен суды үнемдейтін әлемдік тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік беретін салалардың қызметін пәрменді түрде реттейтін жаңа тәсілдері пайда болды. Энергия үнемдеу ауқымындағы жұмыстар бойынша Агенттіктің атқарар шаралары:

· электрэнергияның тұтыну көлеміне байланысты сарапталған бағамын(тарифын) одан әрі тереңдете түсу;

· табиғи монополиялардың негізгі тұлғаларының электр, жылу және су тораптарындағы нормативтен тыс шығындарын(бар болған жағдайда) сатылап жою және нормативтік техникалық шығындарын азайту;

Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің төрағасының 20.02. 2009жылғы № 57-ОД бұйрығымен бекітілген электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы мекемелердің тәулік мерзімдеріне қарай және(немесе) жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай сараптау Ережелеріне енгізілген өзгерістеріне сәйкес 2012жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанның барлық аймақтарындағы сияқты Оңтүстік Қазақыстан облысында да тұтыну көлеміне байланысты үш деңгейде сарапталған бағам(тариф) енгізілді. Үш деңгейлі бағамның(тарифтің) мәні тұтынушылардың энергия үнемдеуіне ұмтылыс тудыру үшін қосымша деңгей енгізу болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқару органдарымен келісе отырып жеке тұлғалардың одан асып кеткен жағдайда жоғары бағаммен(тарифпен) өтем төлейтін төмендегі тұтыну көлемі белгіленді.

Электр плитасын пайдаланбайтындар бойнша 1адамға:

Бірінші деңгей - 70 кВт·сағатқа дейін;

Екінші деңгей – 70-тен 140 кВт·сағатқа дейін;

Үшінші деңгей – 140 кВт·сағаттан жоғары

Электр плитасын пайдаланатындар бойнша 1адамға:

Бірінші деңгей - 110 кВт·сағатқа дейін;

Екінші деңгей – 110-нан 170 кВт·сағатқа дейін;

Үшінші деңгей – 170 кВт·сағаттан жоғары

Сонымен қатар меншігінде біреуден артық тұрғын мекені(пәтері) барлардан бөлек электр плитасын тұтынатын және тұтынбайтын жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен соларға теңестірілгендер үшін тұтыну көлемі белгіленген:

Электр плитасын пайдаланбайтындар үшін әр адамға айына - 100 кВт·сағ.

Электр плитасын пайдаланатындар үшін әр адамға айына - 120 кВт·сағ.

2012жылдың 27 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысындағы Мемлекет басшысының тапсырмасын(жол картасы) орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Агенттік Департаменті жергілікті атқару органдарымен электр, жылу энергиялары және су тарату сияқты реттелетін салалардағы нормативті техникалық шығындарды азайту және номативтен тыс шығындарды жою туралы меморандум жасады.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы табиғи монополиялардың негізгі тұлғалары болып табылатындар:

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС – электр энергиясын жеткізу және тарату бойынша,

«3-Энергоорталық» АҚ – жылу энергиясын өндіру, жеткізу, тарату және жабдықтау бойынша,

«Су қорлары – Маркетинг» ЖШС – су шаруашылығы жүйелерінің қызметі бойынша.

2012 жылы 2011 жылғымен салыстырғанда электр, жылу және су тораптарында негізгі тұлғалардың нормативтік техникалық шығындары қалыптағыдан реттеріне сәйкес 0.37%-ға, 0.10%-ға, 0.20%-ға азайды.

Табиғи монополиялардың 2 негізгі тұлғалары «Оңтұстік Жарық Транзит» ЖШС мен «3-Энергоорталық» АҚ -да нормативтен тыс ысыраптар орын алып отыр. Олар нормативтен тыс ысыраптарды жою мақсатында нормативтен тыс ысыраптарды жою шараларының мерзімі 2015 жылға дейінгі жоспарын жасап қойды.

Қазіргі таңда бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуына талдау жасалуда және табиғи монополиялардың негізгі тұлғаларындағы нормативті шығындарды азайту мен нормативтен тыс ысыраптарды жою мәселелерін қоса отырып, реттелетін ауқымдағы бағдарламаларды кемелдендіру жұмыстары атқарылып жатыр.

Директор Н.Жолдасов